Қазтеміртранс АҚ Шымкент филиалы коммерциялық жұмыс бөлімінің (Тараз станциясы) жетекші инженер-технологы

от 409 129 KZT
«Қазтемiртранс» АҚ Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Уақытша лауазым
 

Құрылды:

Берілген өтінім:
8

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен шарттар жасасады;
  • СТЖ-Кешен АЖ-ға жасалған шарттар бойынша деректерді енгізеді;
  • Қоғамның ДБЖ есептен шығарылатын қосымша алымдар мен айыппұлдарды есептеудің заңдылығын тексереді;
  • Бос вагондарды басқа адреске жіберу үшін алымдарды алымның дұрыс есептелуі және басшының қолы қойылған басқа адреске жіберуге бұйрықтың болуы мәніне тексереді;
  • Республикаішілік және импорттық жүк тасымалдары үшін оператор тарифін және оператор алымын өндіріп алудың дұрыстығын бақылайды;
  • 17-Т. тізілімі бойынша оператор тарифінің жеткіліксіздіктерін анықтайды;
  • Жасалған шарттар бойынша «Қазтемiртранс» АҚ ОА есеп бередi.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Менеджмент; Экономика; Қаржы; Коммерциялық қызмет (темір жол көлігінде); Ақпараттық жүйелер;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.