локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы
Лауазымдық міндеттер:
) өз жұмысын жұмыс уақытының 70% –ын желіде және 30% –ын кәсіпорында болуын ескере отырып ұйымдастыруға;2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде белгіленген үлгідегі формалық киімде, жинақы киінген болып, жұмыс бойынша әріптестерімен және аралас қызметтердің қызметкерлерімен, сондай-ақ теміржол көлігінің қызметін пайдаланатын адамдармен қарым-қатынаста сыпайы әрі ілтипатты болуға;
3) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес машинист-нұсқаушының алдағы айға арналған Жұмыс жоспары - кестесін жасауға, одан кейін оны кәсіпорын басшысының бекітуіне ұсынуға;
4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес машинист-нұсқаушының жылдық жұмысының Планшетін жүргізуге;
5) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес машинист-нұсқаушының жұмыс уақытының Есеп журналын жүргізуге;
6) желіге шығу алдында түрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, кәсіпорынның кезекшісін шығу уақыты мен мақсаты туралы хабардар етуге;
7) кәсіби оқытудан өту арқылы өзінің техникалық білімін арттыруға;
8) бекітілген жоспарға сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен айына кемінде екі теориялық сабақ өткізуге, соның ішінде бір сабақты бірінші қыс мезгілінде қызмет атқарып жүргендермен өткізуге;
9) бекітілген жоспарға сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен айына кемінде бір практикалық сабақты локомотивте (МВПС) өткізуге;
10) басқаруындағы колоннаның машинистерімен және машинист көмекшілерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалар өткізуге;
11) бекітілген кестеге сәйкес машинис
Қосымша талаптар:
кемінде 2 жыл, оның ішінде тиісті тарту күші бар локомотив машинисті лауазымында 2-сыныптан төмен емесҚұрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.