«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Алматы» филиалының Ақтоғай станциясы агенттік пунктінің бастығы
- Агенттік пунктінің жүк цехының барлық бөлімшелерінің жұмысына басшылық жасайды;
- Жүк цехында поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі мәселелерін қарайды және агенттік пункт шекарасында жүк операцияларын жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
- Басқа ТЖ жүк операцияларында вагондардың пайдаланылуын бақылауды және тексеруді қамтамасыз етеді (оның ішінде жалға берілген: мамандану, РСВ, тұрып қалу және т.б.);
- Вагон паркін сақтау, жүктердің массасын өлшеу құралдарын ұстау мәселелерін қарайды, агенттік пункт шекарасындағы кірме жолдарды тексеруге қатысады;
- Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мерзімдерін орындау бойынша жұмысты бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, Теміржол көлігіндегі көліктік логистика;
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 3 жыл бюро меңгерушісі (жүк және багажды іздестіру бойынша), кеңсе (тауар) бастығы, жүк ауданының бастығы лауазымдарында.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.