«Теміржолсу-Алматы» ЖШС абоненттік тобының жетекші инженері
- «Фаворит» АБУ-де және «АПРО Биллинг» жүйесінде есепті ай ішінде ай сайын тұрғын үй секторының абоненттеріне қызмет көрсеткені үшін орындалған жұмыстар актісінің уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
- төлем түбіртектерін, абоненттермен салыстыру актілерін жазып беру, кірістердің түсуін бақылайды, дебиторлық берешекті азайту жөнінде шаралар қабылдайды;
- операциялық күн ішінде апта сайын сумен жылумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру қызметтерін пайдаланатын тұрғын үй секторы абоненті бойынша ҚазПочта және Kaspi.kz базасында ақшалай қаражаттың түсуін бақылауды және есепке алуды жүзеге асырады;
- сумен жылумен жабдықтау ұйымына келіп түсетін абоненттердің талаптарын және шарттар бойынша өзгерістерді қарауға қатысады, олар бойынша жауаптар дайындайды;
- сумен жылумен жабдықтау және сарқынды суларды бұру қызметтерін пайдаланатын тұрғын үй секторы «Абоненттерінің» санын және белгіленген есепке алу аспаптарын бақылауды және есепке алуды жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: есеп және аудит; экономика; қаржы, қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.