"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Есіл станциясының өрт поезы бөлімшесінің (қарауыл) бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Жеке құрамның іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, өрт поезының, өрт техникасы мен өрт-техникалық жабдығының тактикалық-техникалық деректерін зерделеу және білу;
- өрт жарылыс қаупін, өрт сөндіру жабдықтарымен, өрт автоматикасы қондырғыларымен, су құю станцияларымен жарақтандырылуын, олардың жай-күйін, қызмет көрсетілетін учаскедегі объектілер мен жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасын білу;
- өрт техникасының, жабдықтардың, байланыс және өрт дабылы құралдарының, өрт гидранттарының, жанармай құю гидроколонкалары мен су айдындарының, ғимараттар (құрылыстар) мен су көздеріне өтетін жолдар мен кіреберістердің үнемі ақаусыз күйде болуын қамтамасыз ету; ақаулар анықталған кезде оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдау және қажет болған жағдайда өрт поезының (командасының)бастығына баяндау;
- қарауылдың жеке құрамымен өрт-саптық даярлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізе отырып, өрт-тактикалық міндеттерді шешу бойынша сабақтар өткізу;
- өрт сөндіру пойызы мен жеке құрамды тұрақты дайындықта ұстау. Өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықтарды сынау, жөндеу, ауыстыру, өрт поезын сынау, уақтылы жүргізу;
- қарауылдың басшысына өрттерге, аварияларға, дүлей зілзала орындарына баруға, өрт сөндіру поезының бастығы немесе ӨҮК аға қызметкері келгенге дейін өрттерді сөндіруге немесе қарауылдың жеке құрамының авария мен дүлей зілзалаларды жою жөніндегі жұмысына басшылық етуге;
- объектілерге өрт сөндірудің жедел жоспарларын (карточкаларын) әзірлеу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)/ өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы дайындық
- Мамандығы: өрт қауіпсіздігі, темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару, Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көлік, көлік техникасы және технологиялары; электрмен жабдықтау
- Тәжірибе: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл / қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.