"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының KinetiX бағыты бойынша құзыреттер департаментінің диагностикалық жүйелер жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі бас менеджері (16 Грейд)

от 561 449 KZT
«ҚТЖ «ҰК» АҚ - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
23

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • KinetiX жабдығына техникалық қызмет көрсету;
  • жабдықтың ақауларын диагностикалау және анықтау;
  • камералар мен жүйелер датчиктерінің жай-күйін бақылау;
  • жабдықты калибрлеу және теңшеу;
  • іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысу;
  • диагностикалық жүйелерді пайдалану жөніндегі регламенттер мен нұсқаулықтарды әзірлеу және енгізу;
  • диагностикалық жабдықтың жұмысын талдау және оны жақсарту жөнінде шаралар ұсыну;
  • жүйелердің жұмыс қабілеттілігінің мониторингі;
  • АТ қызметімен өзара іс-қимыл;
  • жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • жабдықты жаңғыртуға қатысу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы, IT мамандығы
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.