«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС жедел ден қою және азаматтық қорғау ұтқыр топтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі топтың менеджері (15 Грейд)
- Жоспар-тапсырмаларды және олардың орындалуы бойынша баянаттарды ұсынуды бақылау арқылы филиалдардың ММДБ-мен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Серіктестіктің филиалдары бөлімшелері мен орталық аппаратында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар мен объектілік жаттығулар өткізуді бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- Серіктестіктің орталық аппараты мен филиалдарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі ic-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
- азаматтық қорғау желісі бойынша Серіктестік филиалдарының есептерін жинауды, қорытуды жүзеге асырады;
- "ҚТЖ" ҰК "АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен, оның аффилиирленген, еншілес ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылда жүктердің, вагон паркі мен ТМҚ сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу барысын бақылайды;
- Серіктестіктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен және филиалдарымен, "ҚТЖ" ҰК "АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен және оның аффилиирленген, еншілес және басқа да ұйымдарымен құпиялылық нормаларын және азаматтық қорғау желісі бойынша Серіктестіктің ішкі құжаттарын бұзбай хат алмасуды жүзеге асырады.
- Білімі: Жоғары кәсіби
- Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру Логистика; Автоматтандыру және басқару; Менеджмент; Ақпараттық жүйелер
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте/құқық қорғау және арнайы органдарда немесе мемлекеттік басқару органдарында кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.