«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қызылорда Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы учаскесі директорының орынбасары

Зарплата не указана
Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясы Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасау, қызметкерлердің арнайы киімдері мен аяқ киімдерін беруді қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқау беруді, білімін тексеруді жүргізу;
  • Жол жұмыстары басшыларының жолды күрделі жөндеу бойынша орындау қағидалары мен технологияларын, филиал шегінде аралықтарда және теміржол станцияларында жол жұмыстарын жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауын тексеруді жүзеге асыру;
  • Филиалдың өндірістік және қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
  • Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізуді бақылауды жүргізеді;
  • Жол машиналарының қауіпсіз пайдаланылуына бақылау жүргізеді;
  • Жөндеу машиналарының тоқтап қалуын азайтады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.