ІЖҚ-26 жетекші инженер-технолог (жабдықтау) "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесінің дирекциясы"филиалының Достық пайдалану вагон депосы
Лауазымдық міндеттер:
- Сатып алу процесін ұйымдастыру, өткізу және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін веб-сайтта орналастыру, сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.
- Компания бюджеті шығындарын оңтайландыру. Жасалатын шарттардың дұрыстығын бақылау.
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында, сондай-ақ Қор айқындаған веб-сайтта орналастыру;
- Өтпей қалған сатып алулардың қорытындысы бойынша бағаларға қайта маркетингтік зерттеу жүргізу үшін орталық аппаратқа өтінімдерді қалыптастыру (Регламенттің №3 қосымшасына сәйкес);
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға берілген әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын қарау және сатып алу қорытындыларын хаттама түрінде шығару;
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы шарттарды келісу және жасасу;
- Жеткізушілермен есеп айырысу үшін жасалған шарттар туралы ақпаратты «SAP» бағдарламасының деректер базасына енгізу;
- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға қатысуға берілген әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын қарау және сатып алу қорытындыларын хаттама түрінде шығару.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Маркетинг; Экономика, Менеджмент, Қаржы; Есеп және аудит; Құқықтану; Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі).
- Жұмыс өтілі: қызмет бағыты бойынша кемінде 4 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.