"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Астана мамандандырылған көпір жасағы" филиалы Қарағанды станциясы учаскесінің бастығы

от 475 160 KZT
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Астана мамандандырылған көпір жасағы» Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан бастап Толық жұмысбастылық, Толық жұмыс күні
Внешний поиск
Құрылды:

Берілген өтінім:
7

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Учаскеде күрделі жұмыстардың сапалы орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, күрделі жұмыстарды қабылдауға қатысады;
  • Учаске бастығының бекітілген нормативтерін орындайды, ЖҚЖ көктемгі, күзгі және жоспардан тыс комиссиялық тексерулердің уақтылы және сапалы өткізілуіне, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйіне, учаскелердің техникалық құжаттарын ұстауға қатысады және қамтамасыз етеді;
  • Жер төсемін, жасанды құрылыстар мен басқа да негізгі құралдарды ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Жол (көпір) шеберлерінің лауазымдық міндеттерін орындауы бойынша жұмысын, бірінші кезекте орындалатын жұмыстардың сапасын уақтылы тексеруді бақылайды;
  • Учаске бойынша цехтардың ай сайынғы жұмыс жоспарларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғарғы ( немесе жоғарыдан кейінгі);
  • Мамандығы : Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), Көлік құрылысы; Көлік , көлік техникасы және технологиялары (Жүк көтергіш, құрылыс, жол машиналары мен құрылғылары);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 3 жылдан кем емес.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.