"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының өндірістік штат диспетчері (магистральдық желі бөлімшесі, аға)
Лауазымдық міндеттер:
Жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау диспетчерлерінің іс-қимылын үйлестіру, поездар қозғалысына, магистральдық желі бөлімшесі шекарасындағы қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары қызметкерлерінің іс-қимылына, поезд және локомотив диспетчерлерімен, станция бойынша кезекшілермен өзара іс-қимылға бақылау жүргізу.Поездар қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың, жарақаттанудың, қалпына келтіру бригадаларын шақырудың, олардың сол жерге кетуінің және келуінің барлық жағдайларын, поездарды қалпына келтіру, кідірту уақытын тіркеу.
Қозғалыс қауіпсіздігінің барлық бұзушылықтары, жазатайым оқиғалар туралы магистральдық желі бөлімшесінің басшылығына, ОП диспетчеріне дереу хабарлау.
Күрделі метеорологиялық жағдайлардың басталуы туралы хабарламаны алған кезде «Күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жолдың электрлендірілген учаскелерінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Бұйрыққа және басқа да нормативтік актілерге сәйкес пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қар және су бұру жедел жоспарларына сәйкес әрекет ету және т.б.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары, орта (техникалық және кәсіптік)Көлік, көліктік техника және технология саласындағы мамандығы; тасымалдарды, қозғалысты ұйымдастыру және пайдалану; машина жасау; көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); автоматтандыру және басқару (темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс); электр энергетикасы; логистика; стандарттау, сертификаттау және метрология және/немесе темір жол мамандықтары.
Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім үшін - кемінде 1 жыл;
орта кәсіптік білім үшін - темір жол көлігі саласында кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.