"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу орталығының еңбекті қорғау және экология секторының бастығы

501 233 - 562 481 KZT
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Вагондарды ағымдық ағытып жөндеу орталығы» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
10

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және ЖҚҚ қабылдау жөніндегі, құрылысы аяқталған немесе қайта жаңартылған өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі, қондырғыларды, агрегаттарды және басқа да жабдықтарды жөндеуден қабылдау жөніндегі комиссиялардың еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау бөлігіндегі жұмысына қатысады;
  • қызметкерлердің еңбекті қорғау мәселелері бойынша хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарауға және олар бойынша жұмыс берушіге тексеру барысында орын алған және анықталған кемшіліктер мен қателіктерді жою жөнінде ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ өтініш берушілерге жауаптар дайындауға қатысады;
  • мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларының, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі басқа да ic-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • қызметкерлер ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізімін жасауда әдістемелік көмек көрсетеді;
  • Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеуді, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін аттестаттау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарланған іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қадағалайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны
  • Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес, оның ішінде еңбекті қорғау лауазымында 2 жылдан кем емес

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.