"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының вагондарды ағымдағы ағытып жөндеу орталығының жоспарлы-экономикалық бөлімінің бастығы
- Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауды (бюджеттеуді), Филиалдың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдауды қалыптастырады;
- Филиалдың орта мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерге арналған шығыстар, кірістер бюджетінің жобасын әзірлейді және қорғайды;
- өз мәселелерінің ауқымы бойынша Филиал цехтарының өндірістік-шаруашылық қызметінің тоқсан сайынғы және жылдық есептерін қабылдайды;
- Тапсырыс берушіге шығыстарды қайта көрсету үшін ТҚКЖ көлемінде зақымдалған жүк вагондары бойынша нақты калькуляцияны қалыптастыру;
- Тапсырыс берушіге қайта көрсету үшін Тапсырыс берушінің қосалқы бөлшектерін және Серіктестік меншігін жөндеу бойынша шығыстарды есептеу;
- ТҚКЖ қызметтері бойынша ақы төлеуге, доңғалақ жұптарын жөндеуге қойылатын қаржылық құжаттарды тексереді, ТҚКЖ калькуляциясын қалыптастырады, Филиалдың ақша қаражаты қозғалысының бюджетіне талдау, бағалау, шаруашылық қызметті жүргізу үшін меншікті қаражаттың жеткіліктілігіне талдау жасауды және қажетті сыртқы қаржыландыру көлемін айқындау үшін Филиалдың операциялық, қаржылық қызметі бойынша жоспарлы төлемдердің орындалуына мониторинг жүргізеді;
- орта мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерге арналған қосалқы-көмекші қызметтен түсетін кірістер жоспарын есептеу, қалыптастыру, орындау мониторингін жүргізеді.
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Экономика саласындағы мамандығы; қаржы; есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 1 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.