«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру секторының бас менеджері (17 Грейд)

от 652 848 KZT
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • «ӘТЖК» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстардың жай-күйін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
  • «ВЖДО» ЖШС-де қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың орындалуын бақылауды, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды жүзеге асырады;
  • қызметкерлердің еңбек және қызметтік міндеттерін орындауы кезінде олардың мертігуіне, кәсіптік ауруына және денсаулығына келтірілген зиянды жұмыс берушінің өтеуі мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді;
  • міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан және ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеріп-қараудан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • өндірістік қауіпсіздік бойынша қауіптер мен тәуекелдерді сәйкестендіруді жүргізу жұмысын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.