"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Ақтөбе жол дистанциясының Ақтөбе ст. №6 желілік-телімінің жол шебері-жол бригадирі

436 030 - 454 482 KZT
Актобинская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Әрбір желілік бөлімшенің жол бригадирімен бірлесіп, жолдарды, ауыспалы бұрмаларды, жер төсемесін, құрылыстар мен жол құрылғыларын, рельстерді, бекітпелерді, рельс тізбектерін қарайды және тексереді.
  • Күшейтілген күрделі, күрделі және орташа жөндеуі мерзімінен өткен, жол өлшеу вагонының көрсеткіштері бойынша қанағаттанарлық және төмен бағаланған жол учаскелерін, сондай-ақ Р50 және одан жеңіл рельстер төселген жолдарды тексереді.
  • Ауыспалы бұрмаларды ординаталар мен металл бөлшектерінің тозуы бойынша тексереді.
  • Қисық жол учаскелерін иілу стрелалары бойынша тексереді.
  • Өндірістік учаске күшімен орындалған жол жұмыстарын орындау сапасы мен мерзімдерін және технологиялық ережелердің сақталуын тексереді.
  • Жол шебері өндірістік учаске қызмет көрсету шегінде барлық түрдегі жол жұмыстарын орындайды, соның ішінде ағымдағы жол күтімі, жоспарлы-ескерту жөндеуі, аралық және күрделі сипаттағы жұмыстар.
  • Поездар қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулар анықталған жағдайда, жол мен құрылыстардың нақты жағдайына сәйкес қозғалыс жылдамдығын шектейді немесе учаскені жабады; белгіленген тәртіппен пойыз диспетчеріне, станция кезекшісіне, ПЧ диспетчеріне хабарлап, дереу жою шараларын қабылдайды.
  • Жол жұмысшыларына, өткел кезекшілеріне және басқа жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария бойынша нұсқаулықтар өткізеді, жұмыс орнында ұтымды жұмыс тәсілдерін үйретеді.
  • Бесстыковты (тұтас дәнекерленген) жол бойынша пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және рельс плеттері мен теңестіру өткелдерінің жағдайын бақылауды, есебін жүргізеді; жолдың сырғуынан бекітілуін, рельс плеттерінің тексерісі кезінде анықталған ақаулардың уақытылы жойылуын қамтамасыз етеді.
  • Жол мен жасанды құрылыстарды жарамды күйде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайтын жол жұмысшылары мен басқа да қызметкерлерге басшылық жасайды, пойыз қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.
  • Атқарушы құралдар мен қатаң есептегі құрал-саймандардың, механизмдердің, мүліктің, сигналдық керек-жарақтардың, материалдардың және оларды сақтау қоймаларының жарамды күйде болуын қамтамасыз етеді және оған жауап береді.
  • ПС нәтижелері бойынша 3 және 4 дәрежелі ауытқулары бар және қанағаттанарлықсыз баға алған километрлерде ақаулардың жойылуын тексереді.
  • Еңбек қорғау, электрқауіпсіздік және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін уақытылы тексеруге бақылау жасайды.
  • Егер пойыздардың (жолаушылар, қала маңы, жүк) кешігуі жол шеберінің кінәсінен жол шаруашылығының мазмұны бойынша қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған кезде орын алса, ол үшін жауап береді.
  • ИСПБ жүйесіне (найзағай, бюллетень және т.б.) келіп түскен ақпаратты тұрақты қарап, бақылап отырады.
  • Іскерлік этика кодексінде көзделген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
  • Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік), не болмаса белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
  • Мамандығы: темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, көпірлер мен көлік тоннельдері, көлік құрылысы саласында.
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім болған жағдайда – кемінде 1 жыл; орта (техникалық және кәсіптік) білім болған жағдайда – кемінде 3 жыл; орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болған жағдайда – кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.