«KTZ Express» АҚ - «KTZE Батыс» филиалы директорының қызметтерді сату жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың қызметтерді сату жөніндегі функционалдық бағытына басшылық жасайды, Филиал бойынша белгіленген сапалық және сандық көрсеткіштердің орындалуын ұйымдастырады;
- Көліктік-экспедиторлық қызметтер көрсету, маркетингтік қызметті жүргізу және Филиалды дамыту мәселелері бойынша Филиалдың басқа елдердегі өкілдіктерімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;
- Қоғам бекіткен жоспарларға сәйкес қызметтерді сату бөлігінде Филиал қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
- Филиалдың маркетингтік қызмет бағыттарын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ Филиалдың имидждік саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
- Қатысты қызметкерлердің Филиал шекарасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалының динамикасына әсер ететін барлық нарықтық факторларды ескере отырып, көлік нарығын зерделеуін қамтамасыз етеді;
- Клиенттерге көлік қызметтерінің қолданыстағы схемалары, логистикалық терминалдар мен уақытша сақтау қоймаларының жай-күйі және өткізу мүмкіндіктері туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.