«KTZ Express» АҚ - «KTZE Батыс» филиалының директоры

Зарплата не указана
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Западный» Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
8

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Филиалдың өндірісті дамытуға және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған Қоғам мүддесі үшін табыс табу жөніндегі қойылған міндеттерін іске асыру мақсатында Филиалға басшылық жасайды;
  • Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық мемлекеттік, қоғамдық және өзге де мекемелер мен ұйымдарда Филиалдың мүдделерін білдіреді және қорғайды;
  • Жүктерді тасымалдау қызметтерін ұйымдастыруға және заңды әрі жеке тұлғаларға барлық ілеспе қызметтерді көрсетуге (барлық қатынас түрлері бойынша), сондай-ақ жүк жөнелтушілердің контейнерлермен және вагондармен жүк тасымалдарын ұйымдастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бақылау жүргізеді;
  • Контейнерлермен және вагондармен барлық қатынас түрлері бойынша:
- жүктерді жөнелтудің негізгі жоспарларын қалыптастыру және іске асыру;
- тиеу жоспарының орындалу барысын үздіксіз бақылауды жүзеге асыру және контейнерлер мен вагондардағы орындалмаған тасымалдау жоспарларына талдау жүргізу;
- тасымалдау құжаттарын қабылдау және рәсімдеуді ұйымдастыру;
- жүк тасымалына өтінімдерді, клиенттерді белсенді тарту, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жүк тасымалының қосымша көлемдерін тарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5, оның ішінде қызмет бейіні  бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.