"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Қала маңындағы тасымалдар" филиалының Алматы өңірлік учаскесінің Шу станциясы электр пойызы машинисінің көмекшісі
Лауазымдық міндеттер:
- Қауіпсіздік құрылғыларының, радиобайланыстың, тораптардың жұмысын белгіленген тәртіппен бақылау, олардың жай-күйін, оның ішінде өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексеру;
- Локомотивте және МВПС-та немесе поезд құрамында ақаулық анықталған кезде оны тез жоюға, ал белгіленген уақытта жою мүмкін болмаған жағдайда-поездар қозғалысының бұзылуына жол бермей, аралықты босатуға барлық қажетті шараларды қабылдау;
- отын-энергетикалық ресурстарды, майлау және басқа материалдарды есепке алуды жүргізу және үнемді пайдалану, мүкәммалды, құралды және жеке қорғаныс құралдарын жарамды күйде ұстау;
- оларды пайдалану кезінде анықталған МВПС барлық ақаулары туралы сапар (ауысым) аяқталғаннан кейін ТУ-152 нысанындағы журналға жазу жүргізілсін.
- сапар (ауысым) аяқталғаннан кейін МВПС машинисінің көмекшісі;
- тартқыш жылжымалы құрамның тораптары мен агрегаттарына күтім жасау, оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі машинистің тапсырмаларын уақтылы және дәл орындау, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін және қарсы келе жатқан поездардың жай-күйін бақылау;
- қажет болған жағдайда поезды (тартқыш жылжымалы құрамды) өздігінен кетуден бекітуді жүргізу;
- машинистің жұмыс орнында тұрып, бағдаршамның тыйым салу сигналына барған кезде сигнал көрсеткішін, машинист контроллерінің немесе тартуды басқару органдарының жағдайын, тежегіш және қоректендіру магистральдарындағы қысымның шамасын, тыйым салу сигналына бағдаршамның белгіленген жүру жылдамдығын бақылау және мезгіл-мезгіл машинистке баяндау;
- машинист тарапынан жылдамдықты төмендету және тыйым салу сигналының алдында тоқтату әрекеттері болмаған кезде бағдаршамның тыйым салу сигналының өтуіне жол бермей, поезды тоқтатуға барлық шараларды өзі қабылдауға тиіс;
- машинист электр поезын басқару, поезды шұғыл тежеу арқылы тоқтату, оны белгіленген тәртіппен өздігінен кетуден бекіту, бұл туралы радио байланысы арқылы поезд диспетчеріне, аралықты шектейтін станция бойынша кезекшіге, осы учаскедегі барлық поездардың машинисіне хабар беру және машинистке алғашқы көмек көрсету қабілетін кенеттен жоғалтқан кезде;
- ПТЭ талаптарын, басқа да нормативтік құжаттарды мүлтіксіз орындау негізінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігі мен қозғалыс кестесін қамтамасыз ету;
- қозғалыс қауіпсіздігін басқарудың салалық жүйесіне (ДҚБЖ) сәйкес әркім өз орнында, өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде қызметті қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары немесе арнайы білім орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер, қатынас жолдарының инженері, Техник-электромеханик;) және МВПС машинисінің көмекшісі немесе локомотив мамандығын беру туралы белгіленген үлгідегі құжаттар; темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.