«ҚТЖ «ҰК» АҚ - «Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы» филиалының құжат айналымы бойынша менеджері (15 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, қабылдаушы Тарап филиалдарының, Бөгде ұйымдардың кіріс қызметтік құжаттарын журнал бойынша, DOCUMENTOLOG бағдарламасы бойынша есепке алу және оларды басшылықтың қарауына уақтылы беру;
- орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, Бөгде ұйымдардың Шығыс қызметтік құжаттарын журнал бойынша, DOCUMENTOLOG бағдарламасы бойынша есепке алу;
- кіріс хат-хабарларды қарау, басшылықтың бекітуі үшін қарарлардың жобаларын дайындау;
- құжат айналымы қағидалары бойынша шығыс құжаттың ресімделуінің сәйкестігін тексеру;
- сыртқы құжаттарды алуды бақылау;
- қатаң есептілік бланкілерін (бұйрықтарды, өкімдерді, хаттарды) есепке алу және оларды пайдалану бойынша ай сайынғы есептілікті ұсыну;
- бекітілген істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру және мұрағатқа тапсыру;
- бекітілген номенклатураға сәйкес кезеңге арналған өкімдерді, бұйрықтар мен хаттамаларды сақтау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: Құқықтану, экономика, менеджмент, психология, филология, әлеуметтік жұмыс, іс жүргізу және Мұрағаттану, құжаттану, педагогикалық мамандықтар, мемлекеттік және жергілікті басқару және / немесе теміржол мамандықтары
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.