"Батыс" жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалынын Орал учаскесінің кассир (консультант)

от 200 390 KZT
Уральский производственный участок Регионального филиала по пассажирским перевозкам "Западный" Орал қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  1. Жолаушыларға жол жүру құжаттарын онлайн рәсімдеу және қайтару мәселелері бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсету.
  2. Жолаушыларды «Күту парағына» тіркеу кезінде кезең-кезеңімен сүйемелдеу, енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру, орын беру тәртібі мен олар пайда болған жағдайда хабарландыру шарттарын түсіндіру.
  3. Жеке кабинетте тіркелу тәртібін, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы электрондық билеттерді рәсімдеу, сондай-ақ билеттерді қайтару тәртібін түсіндіру.
  4. Жолаушыларға жеке деректерді енгізу, маршрутты, пойызды, тарифті, орынды және төлем тәсілін таңдау кезінде көмек көрсету, енгізілетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету.
  5. Жолаушыларға тарифтерді қолдану шарттарын, билеттерді қайтару тәртібі мен ақша қаражатын қайтару мерзімдерін түсіндіру.
  6. Клиенттерге дисконттық карталардың түрлері мен қолданыстағы жеңілдіктер бойынша консультация беру және түсіндірме жасау.
Жолаушыларды жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіндегі өзгерістер және бос орындардың болуы туралы ақпараттандыру

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
    • Мамандығы: Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Есеп және аудит; Қаржы; Экономика
    • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Теміржол көлігі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жарғысы (бұдан әрі – Қоғам), Қоғам мен оның еңбек ұжымы арасындағы Ұжымдық шарт.
  2. Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау қағидалары, «Экспресс», «МФБКК» терминалдық жабдықтарында билет кассирлері мен операторларының жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық.
  3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы теміржол әкімшіліктері арасындағы халықаралық жолаушылар қатынасы туралы келісімнің жекелеген нормаларын қолдану ерекшеліктері жөніндегі келісімдер.
  4. Халықаралық теміржол жолаушылар қатынастары туралы келісімдер.
  5. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
  6. Билеттерді сату технологиялары мен технологиялық процестері, оның ішінде топтық тасымалдар бойынша.
  7. Жолаушыларға қызмет көрсету стандарты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Іскерлік әдеп кодексі.
  8. Көліктік география, жолаушылар пойыздарының негізгі маршруттары, пойыздарды қалыптастыру сызбалары және вагондардағы орындардың орналасу тәртібі.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.