Байланыс бойынша қашықтық бастығының орынбасары "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"филиалының Ақтоғай сигнал беру және байланыс қашықтығы
- Қашықтықтың барлық қызмет көрсетілетін учаскелерінде байланыстың, радиобайланыстың, жылжымалы құрамның техникалық жай - күйін автоматты бақылау жүйелерінің (бұдан әрі-САКТСПС) пайдалану жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
- Байланыс, радиобайланыс, САКТСПС құрылғылары бөлігінде поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуын әзірлеу және бақылау;
- Байланыс, радиобайланыс, САКТСПС құрылғыларының үздіксіз жұмысын, учаске бастықтарының және сымды байланыс, радиобайланыс, САКТСПС аға электромеханиктерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау;
- Байланыс, радиобайланыс, САКТСПС құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуге, жұмыс жүргізу ережелерін сақтауға, жетекшілік ететін цехтарды қосалқы бөлшектермен, материалдармен және құралдармен қамтамасыз етуге басшылық жасау және бақылау;
- Өз құзыреті шегінде, қашықтық шекараларында теміржол учаскелері бойынша поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету;
- Әзірленген жоспарларға сәйкес қызметкерлерді оқытуды жүргізу, поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердің техникалық білім деңгейін бақылау;
- Технологиялық процестерді және озық еңбек әдістерін, қашықтықтағы жаңа техниканы әзірлеуге және енгізуге қатысу;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйін тексеруге (көктемгі, күзгі) қатысады;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс.
- Жұмыс тәжірибесі: басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл
- жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру бойынша ұжымда қолайлы климат құруды қамтамасыз ету;
- бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.