Шу локомотив пайдалану депосының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Жамбыл»
Лауазымдық міндеттер:
- Бөлім қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына, олардың еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін сақтауына бақылау жүргізеді;
жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын тексереді, талдау жүргізеді және оларды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; - отын-энергетикалық ресурстарды нормалау, үнемді және тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады;
- жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау жөніндегі комиссияға қатысу;
- бухгалтерлік есепте Шығыстар номенклатурасына сәйкес барлық шығыстардың дұрыс көрсетілуін бақылайды және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын талдайды;
- тасымалдардың өзіндік құнын төмендету мақсатында материалдық және қаржы ресурстарының ұтымды және үнемді пайдаланылуын бақылайды және ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын өндірістік және қаржы-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын талдайды;
- отын-энергетикалық ресурстарды нормалау, үнемді және тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады;
- жасалған шарттар бойынша келіп түскен құжаттаманы қабылдайды, кәсіпорындар ұсынған есепке алу және есеп беру құжаттарының дұрыс толтырылуын және қажетті деректердің болуын тексереді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 1 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.