класстан тыс Арыс станциясының сұрыптау дөңесінің операторы
Лауазымдық міндеттер:
1, Кезекшілікке кіргенге дейін 30 минут бұрын жауапты басшыда планерлік кеңестерде қол қойғызып, нысаналы нұсқамадан өтеді.2, Планерлік кеңестерде ауысымға жұмыс жоспарымен танысады. Өзімен бірге қызметтік куәлік пен формуляр болуы тиіс.
3, Нысаналы нұсқамадан өткеннен кейін Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттан жұмыс орнына тақ жүйедегі дөңестік бекет ғимаратына белгіленген өту бағыты бойынша өтеді.
4, Құрамдар мен маневрлерді таратуға қатысты қолданыстағы жағдаймен, алдағы жұмыс жоспарымен, қолда бар нұсқаулар мен өкімдермен, сұрыптау паркі жолдарындағы вагондардың болуымен және орналасуымен, қауіпті жүктері бар вагондардың, өту жолдарының болуымен танысады.
5, Басқару аспаптарының, бағыттамалардың, байланыстың жарамдылығына және оларда тізімдемеге сәйкес пломбалардың болуына көз жеткізеді.
6, Вагондар мен құрамдардың сұрыптау паркі жолдарында дұрыс орналасуын және өту жолдарының болуын тексереді.
7, Бағыттамалардың жарамдылығын, сұрыптау жолдарында өту жолдарының болуын, олардың дөңес жағынан бос болу дәрежесін тексереді.
8, Құрамды таратар алдында сұрыптау парақтарын зерделейді және сұрыптау парағының негізінде кезекті ағытулар, өкімдік оператор туралы ақпаратты мұқият тыңдайды, оның сұрыптау парағындағы жазбаларға сәйкестігін қадағалайды.
9, Сұрыптау парағын басшылыққа ала отырып, сұрыптау жолдарына ағытпалардың жүру бағыттарын дайындайды.
10, Бағыттамалардың маршруттағы орналасу дұрыстығын бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша тексереді.
- Біліктілік талаптары:
Білімі: орта
Жұмыс тәжірибесі: поездарды құрастырушы, поездарды құрастырушының көмекшісі, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші лауазымдарында кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.