"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Казахстан (2 класс) стансасының станция бойынша кезекшісі
Лауазымдық міндеттер:
1) ДУ-46 нысандағы журналда қол қойып танысып, комиссиялық айлық тексеру жүргізу кезінде айқындалған ескертулерді жоюға бақылауды жүзеге асырады;
2) пойыз диспетчерімен бірлесіп 4-6 сағат кезеңдермен пойыздарды жөнелту жоспарын құруды келісімдейді;
3) орталықтандырудан ұзақ мерзім сөндірілгенбағыттамалардың оқшауланған телімдері (қозғалыс үшін жабық) үшін ДУ-46 нысандағы журнал, КМО үшін ДУ-46 нысандағы журналды, ДУ-46 нысандағы журналды жүргізеді;
4) жалғыз локомотивтерге, тақ және жұп пойыздарға және барлық жоғарыда көрсетілген бағыттарға станса қабылдау жөнелту жолдарынан жөнелтілетін арнайы өздігінен жүретін жлжымалы құрам жүргізушілеріне ескертулер жібереді және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: білімі жоғары болса: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және қозғалысты басқару (сала бойынша); Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару.
- Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болса: 1 жылдан кем емес, соның ішінде станса бойынша кезекші 4-5 класс, пойыз құрастырушы, станция операторы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, парк бойынша кезекші; білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса: 2 жылдан кем емес, соның ішінде станса бойынша кезекші 4-5 класс, пойыз құрастырушы, станция операторы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, парк бойынша кезекші.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.