«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Атырау филиалы Бейнеу станциясындағы атқыштар командасының бастығы

525 271 - 547 499 KZT
Атырауский филиал ВЖДО Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
10

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Номенклатуралық жүктерді күзету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • транзиттік контейнерлік поездар құрамдарында жүктерді алып жүруді және күзетуді ұйымдастырады және бақылайды;
  • өткізу режимін бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • сақталмайтын тасымалдар жағдайларының есебін жүргізеді, ұрлықтарды жедел есепке алу журналын, ХУ-4 нысандарын толтырады;
  • арнайы техникалық құралдарды пайдалануды ұйымдастыруды, есепке алуды және бақылауды, оларды сақтау тәртібін және бөлімшенің күзетшілеріне беруді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
  • Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Локомотивтер және Локомотив шаруашылығы; Электр және электромеханикалық жабдық; Құрылыс; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер.
  • Жұмыс тәжірибесі: ұйымның бейініне сәйкес мамандығы бойынша немесе темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.