«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Қарағанды» филиалының директоры
Лауазымдық міндеттер:
- «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС (бұдан әрі – ЖТ) филиалының пойыздар қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын, тасымалданатын жүктер мен жолаушыларды уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған көліктік-логистикалық қызметтер саласындағы саясатын іске асыру бойынша қызметін басқарады;
- ЖТ бөлімшесінің қызмет көрсету шекарасында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізеді, Қоғамның жергілікті актілеріне сәйкес, ЖТ бөлімшесінің қызмет ету шекарасында орналасқан Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері жіберген пойыз және маневрлік жұмыстағы барлық ақау жағдайларын талдайды;
- Қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайлар, жүктің сақталмауы және жеткізу мерзімдерінің бұзылуы бойынша талдаулар жүргізеді, сондай-ақ тиісті жергілікті актілермен бекітілген қолданыстағы өкілеттіктерге сәйкес, ЖТ бөлімшесінің қызмет ету шекарасында орналасқан Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
- Апта сайын ЖТ бөлімшесінің қызмет ету шекарасында орналасқан Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен пайдалану жұмысы, пойыздар қозғалысы қауыпсіздігінің жай-күйі және техникалық құралдардың жұмысы мәселелері бойынша жедел кеңестер өткізеді;
- Жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту, вагондардың айналымын жеделдету, тасымалдау құнын төмендету, сұрыптау және телімдік станциялардағы жұмыс көлемін айтарлықтай азайтудан тұратын жүк тасымалының маршруттары мен жөнелтуші маршрутын қалыптастыру үшін жүк ағындарын шоғырландыру жұмыстарын жүргізеді;
- ЖТ бөлімшесі бойынша күнделікті жоспар–тапсырма және жүк жұмыс жоспарының орындалуын, сонымен қатар көрсетілген сапалық және сандық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау;
- Сатып алу процедурасын ұйымдастыру және өткізу жұмыстарының орындалуын бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлікті (теміржол) пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.