"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС тасымалдау шарттарын ұйымдастыру бөлімінің 1 санатты инженері-"Павлодар"

от 218 466 KZT
ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»-«Павлодар» Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 1 года Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

филиалдың жүк шаруашылығы қызметкерлерімен жедел кеңестер, семинар-кеңестер, селекторлық кеңестер өткізу үшін материалдар дайындау, олар бойынша хаттамалар жасау, жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыруда бұзушылықтар және тасымалдау шарттары жағдайлары бойынша бұйрықтар ресімдеу;
Жүк коммерциялық жұмыс департаментіне және филиал басшылығына тасымалдау құжаттарының дұрыс ресімделмеуі себебінен сыртқы түйісу пункттерінде ағытылған вагондар туралы есептерді ұсыну;
шекаралық станцияларда және жүру жолында коммерциялық ақаулары бар ағытылған вагондар бойынша жедел хабарламалармен жұмысты жүргізу, ағытуға қызмет еткен себептерді анықтау;
станция бастықтарының жүк және коммерциялық жұмыстарды, тасымалдау шарттарын ұйымдастыру кезіндегі бұзушылықтар бойынша жедел талдаулардың уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
осы ақпараттың уақтылы және дәйексіз енгізілмеуі жағдайларында себептерін анықтау және жедел пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ ақпараттың уақтылы және дәйексіз енгізілмеу жағдайларын болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүргізу арқылы тиеуді/түсіруді жедел бақылау (КҚБЖ) бойынша ақпаратты уақтылы, толық және сапалы енгізу бойынша тауар кеңселерінің жұмысын тәулік сайын бақылау бөлім басшысының қарауына осы жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізе отырып.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, темір жол көлігіндегі көліктік логистика
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл, оның ішінде тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдау-тапсыру/тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.