«Теміржолсу-Павлодар» ЖШС 39 цехының Павлодар станциясының еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері
- Қызметкерлерге нұсқама және оқыту жүргізу;
- қауіпсіздік нормалары мен стандарттарының сақталуын бақылау;
- оқиғалар мен аварияларды тексеруге қатысу;
- жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) пайдаланылуын бақылау;
- жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтарды аттестаттау мен сертификаттауды ұйымдастыру;
- тиісті мерзімде белгіленген нысандар бойынша есептілікті жасау;
- кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- кәсіби тәуекелдерді жою немесе барынша азайту жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыру;
- кәсіпорынның бөлімшелерінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария бойынша қолданыстағы заңнаманың, нұсқаулықтардың, ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақыларды беру, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеуді ұйымдастыру, цехтарды паспорттау және санитарлық-техникалық жай-күйін жүргізу жөніндегі жұмыс.
- Білімі: жоғары
- Су ресурстары және суды пайдалану саласындағы мамандығы; Жылу энергетикасы, Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.