ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кластан тыс филиалының Шымкент станциясы - «Шымкент» жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы

243 549 - 256 139 KZT
ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»-«Шымкент» Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
13

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

1.Кірме жолда вагондармен қабылдау-тапсыру операциясын жүзеге асырады.
2.Алушыға жүктерді беруді жүргізеді.
3.Кірме жолға берген кезде вагондарды жүк операциясына сәйкестікке қарайды. Коммерциялық ақаулардың болмауына.
4.Вагондарды техникалық тексеруге ұсынады.
5.Қабылдап-тапсырушының жадынамасын, вагондарды беру және жинау ведомосын жүргізеді
6.Тасымалдау құжаттамасын ресімдейді, вагон парағын ресімдейді, жүкті тасымалдауға, жөнелтуге қабылдау кітаптарын жүргізеді.
7.Жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес жүк жөнелтушінің жүктерді тиеуін бақылайды.
8.Жүктерді вагоннан түсірудің толықтығын тексереді.
9. 242 хабарлама жібереді.
10. Станция бойынша кезекшіге наряд жазып береді.
11. Жүк алушыларды алдағы вагондарды беру және жинау туралы хабардар етеді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы: Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.