"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Семей" филиалы Аягөз пайдалану локомотив депосын пайдалану депосы бастығының орынбасары
- Поездық, маневрлік және шаруашылық жұмыстар үшін локомотивтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ локомотивтердің тіркелген паркін техникалық жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
- өндірістік тапсырмалардың орындалуын, компания мен серіктестік басшылығының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылайды;
- поездық, маневрлік және шаруашылық жұмыстар кезінде Аягөз пайдалану локомотив депосында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- теміржол көлігінің қатысы бар лауазымды тұлғаларын қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін және шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін анықталған бұзушылықтар туралы жедел хабардар етеді. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін бұзудың жол берілген жағдайларын тергеуге қатысады;
- қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайлары бойынша жедел талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау қорытындылары бойынша түзету іс-шараларын әзірлейді және орындайды;
- локомотив бригадаларын рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізудің ұйымдастырылуы мен сапасына тексеру жүргізеді.
- депоның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтайды, сипаттайды және бағалайды, тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа құжаттарды уақтылы жаңартады, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша деректерді жүргізеді және дайындайды;
- поездық, маневрлік және шаруашылық жұмыстар үшін локомотив бригадаларының келуін ұйымдастырады, локомотив бригадаларының Еңбек және демалыс режимінің сақталуын, демалыс беруді, локомотив бригадалары қызметкерлерінің мерзімді және ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстен кейінгі) медициналық тексеруден өтуін бақылайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы/локомотивтерді қабылдаушы лауазымында кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.