Шемонаиха станциясының ТҚКП-ның бригадирі (босатылған) Өскемен вагон пайдалану депосы, «ҚТЖ «ҰҚ» АҚ-ның «Тасымалдау процесі дирекциясы» филиалы
Лауазымдық міндеттер:
Шемонаиха станциясының ТҚКП-ның бригадирі қызметке Өскемен вагон пайдалану депосының бастығының бұйрығымен тағайындалады және босатылады.Қызметкер өз жұмысында осы лауазымдық нұсқаулықты, Темір жолдарды техникалық пайдалану қағидаларын басшылыққа алады Темір жолдардағы сигнализация жөніндегі нұсқаулықпен, Темір жолдардағы поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен, Жылжымалы құрамның автотіркегіш құрылғысына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулықпен, Тежегіш жабдығына техникалық қызмет көрсету және темір жол жылжымалы құрамының тежегіштерін басқару қағидаларымен, Вагон доңғалақ жұптарын куәландыру, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықпен, Роликті мойынтіректері бар вагон букстарын пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулық нұсқаулармен, ағымдағы ағытпалы жөндеудің типтік технологиялық процесімен, технологиялық процеспен.
Компанияның еңбек шартының, корпоративтік басқару кодексінің және өзге де жергілікті актілерінің талаптарын сақтау.
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
Арнайы киімнің жарамдылығын тексеру, қызметтік міндеттерін орындау кезінде арнайы киімде болу.
Жұмысты бастар алдында ТҚКЖ қызметкерлерін өз міндеттерінің шеңбері бойынша келіп түскен бұйрықтармен және нұсқаулармен таныстыру. Барлық келіп түскен телеграфтық нұсқауларды, ҰДБ факсограммаларын, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде басшылық етушілердің нұсқауларын білу.
Қажет болған жағдайда ТҚҰ бастығы арқылы қосалқы бөлшектердің, материалдардың төмендемейтін технологиялық қорының болуын тексеру, төмендемейтін технологиялық қордың тізбесіне сәйкес қорды толықтыру.
Біліктілік талаптары:
Мамандығы: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес, оның ішінде вагондарды тексеруші лауазымында 2 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
Шемонаиха станциясының ағымдағы ағытпалы жөндеу жұмыскерлеріне басшылықты жүзеге асыру.Жұмысшыларға өндірістік нұсқаулық, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу.
Жөнделген вагондарды жеке тексерумен ағытпалы жөндеуге түскен вагондарды жөндеу сапасын бақылайды.
Жөндеу технологиясының бұзылу себептерін жедел анықтау және жою, ақау жағдайларының алдын алу және вагондарды жөндеу сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Жарамды қосалқы бөлшектер мен материалдардың уақтылы жеткізілуін, сондай-ақ вагондардан алынған бөлшектердің уақтылы жиналуын бақылайды.
Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік технологиясы мен техникасының, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын бақылай отырып, неғұрлым күрделі немесе қауіпті жұмыстар орындалатын позицияларда болады.
Маневрлік жұмыстардың, сондай-ақ қауіпті жүктері бар вагондардағы жұмыстардың орындалуын бақылайды.
Технологиялық және еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау, жеке қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар талаптарының, жабдықтар мен жарақтардың, құралдардың техникалық пайдаланылуы жөніндегі қағидалардың, табиғат қорғау, санитарлық нормалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Технологиялық және еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау, жеке қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар талаптарының, жабдықтар мен жарақтардың, құралдардың техникалық пайдаланылуы жөніндегі қағидалардың, табиғат қорғау, санитарлық нормалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру
еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
Серіктестік басшылығының және тікелей басшының тапсырмаларын орындау;
іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;
құпиялылық нормаларын және Серіктестік пен Компанияның жергілікті актілерін бұзбай дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынуды;
өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.