"ӘТЖК" ЖШС Достық филиалының Бескөл станциясындағы өңіраралық шұғыл әрекет ету оңтайлы тобының күзетшісі

347 973 - 362 693 KZT
Достыкский филиал ВЖДО Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Қорғалатын номенклатуралық жүктерге қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, ұрлық жасауға дайындық немесе әрекет ету іздерін анықтау мақсатында күдікті бөгде адамдарды табу;
  • Бөгде адамдардың жүктерді ұрлау мақсатында кіруі мүмкін орындарда фото немесе бейнетүсірілімді пайдалана отырып бақылау іс-шараларын жүргізу;
  • Қызмет көрсету учаскелерін (станция парктерін, тұйық жолдарды, разъездерді, кірме жолдарды және т.б.) зерттеу, ұрлық жасауға ең қолайлы орындарды анықтау, сондай-ақ криминогендік учаскелер картасын қалыптастыру;
  • Өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда жүк және транзиттік контейнерлік пойыздарға жария және жасырын физикалық күзетпен ілесіп жүру, сондай-ақ күзет нарядтарын күшейту мақсатында локомотивсіз қалған пойыздарды күзетуді қамтамасыз ету;
  • Көліктегі полицияның желілік бөлімшелерімен бірлесіп, темір жолдың ең криминогендік учаскелерін (станция парктерінде, аралықтарда, разъездерде және т.б.) анықтау және пысықтау бойынша мақсатты алдын алу-профилактикалық іс-шараларды жүргізу, қорғалатын номенклатуралық жүктерге қылмыстық қол сұғушылықтың жолын кесу;
  • Номенклатуралық жүктердің ұрлануына (жоғалуына) байланысты төтенше жағдайлар мен оқиғаларға жедел әрекет ету, сондай-ақ көліктегі полицияның желілік бөлімшелерімен бірлесіп, ұрлық жасалған орындарды, қылмыс іздері мен құралдарын, ұрланғанды іздеу, күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;
  • Белгілі бір жерде (станцияларда, аралықтарда, разъездерде және т.б.), сондай-ақ ұрланған жүк табылған орындардың жанында немесе күдіктінің (күдіктілердің) ұрланған жүкпен кетуі ықтимал бағытында жасырын тосқауыл іс-шараларын жүзеге асыру, оларды ұстау мақсатында;
  • Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұрлық жасауға күдіктілерді, сондай-ақ ұрлық жасағандарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізу, қылмыс құралдарын және басқа да заттай дәлелдемелерді тапсыру;

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (міндетті түрде арнайы оқу орталығында бастапқы дайындық курсын аяқтағаны туралы куәліктің болуы қажет).

Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.

Қосымша талаптар:

Конкурс комиссиясының отырысына дейін кандидат тиісті медициналық қорытындысы болған жағдайда, ТОО «ВЖДО» Бас директорының 2025 жылғы 12 ақпандағы №14-ң/қ бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру нормативтерін тапсыруы тиіс:

«100 метрге жүгіру» жаттығуы;

«Шаттл жүгіру» жаттығуы (10 метрді 10 рет) – жүгіру жолында немесе қатты беткейде орындалады. Кандидат старт сызығының алдында тұрады, сызықтан өтуге болмайды. Старт қалпы (төменгі, жоғары) белгіленбейді;

 

«Турникке тартылу» жаттығуы – бастапқы қалып: турникке үстінен ұстап ілу, қолдар түзу, аяқтар түзу және қосылған немесе айқастырылған, тірекке тимейді;

«Күштік жаттығулар кешені»:

Қолды бүгіп-жазып, жерге кеудемен тигізіп, бастапқы қалыпқа қайту арқылы 10 рет жаттығу;

Толық отырып тұруға көшу – 10 рет;

Толық отырып тұрудан жоғарыға секіру – 10 рет;

Арқада жатып, денені көтеру – 10 рет. Жаттығулар арасында демалыссыз орындалады. Қате орындалған жағдайда «есептелмейді» командасы беріледі (ең көбі үш рет), кейінгі бұзушылықта кандидат жаттығудан шығарылады;

«1000 метрге жүгіру» жаттығуы – жүгіру жолында немесе қатты беткейде орындалады. Кандидат старт сызығының алдында тұрады, сызықтан өтуге болмайды. Старт қалпы белгіленбейді.

Жасы: 35 жасқа дейін қоса алғанда.

Бойы: кемінде 175 см.

 

 

 

 

 

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.