«KTZ Express» АҚ «KTZE Оңтүстік» филиалы «KTZE Достық» агенттігінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Тиелген вагондар мен контейнерлердің қозғалысын ИРС ақпараттық жүйесінде (дислокация, тиеу) мониторингтен өткізу.
- АСУ ДКР жүйесінде жеделхаттарға сәйкес вагондарды жөндеуге уақтылы ресімдеуді бақылау, сондай-ақ контейнерлік пойыздардың қайта тиеу парақтарын ИРС бағдарламасына (ақпараттық-есептеу жүйесі) енгізу.
- Жүк түсірілгеннен кейін бос фитингтік платформаларға АСУ ДКР жүйесінде тасымалдау құжаттарын уақтылы рәсімдеуді қамтамасыз ету, олардың КЗХ станцияларында бос тұрып қалуына байланысты өндірістік емес шығындарға жол бермеу.
- «KTZ Express» АҚ-ның атына келген вагондардың станция жолдарындағы бос тұруын бақылау және оны қысқарту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде Достық станциясында.
- WinTerm және ИРС бағдарламалары арқылы контейнерлер мен контейнерлік пойыздарды тасымалдауға тартылған меншікті және жалға алынған фитингтік платформаларды бақылау.
- Вагондарды тиімді пайдалануды және олардың агенттік шеңберіндегі қозғалысын (дислокациясын) бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол саласындағы мамандықтар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде тиісті салада басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Қосымша талаптар:
- Тиісті лауазым профилі бойынша магистр дәрежесінің болуы (болғаны жөн);
- ИРС «Перевозки», АСУ ДКР, Winterm жүйелерін білу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.