"Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС шұғыл әрекет ететін оңтайлы тобының күзетшісі
Лауазымдық міндеттер:
- Қызмет көрсетілетін учаскенің ерекшеліктерін, жедел жағдайды, ұрлыққа ең бейім орындарды үнемі зерттеп, жақсы білу;
- Поезды техникалық және коммерциялық тұрғыдан өңдейтін қызметкерлердің немесе басқа тұлғалардың әрекеттерінен қылмыс белгілері анықталған жағдайда, оларды ұстау шараларын қабылдап, ішкі істер органдарының көліктегі қызметкерлері келгенге дейін қылмыс іздерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- Ұсталған тұлғаларды, қылмыс құралдарын және басқа да заттай дәлелдемелерді көліктегі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне МГОР ережесінің 3-қосымшасына сәйкес акт жасай отырып тапсыруды қамтамасыз ету;
- Учаскеде орын алған ұрлықтар мен ұрлық белгілері бар коммерциялық ақаулардың есебін жүргізу, ұрланған жүкті іздестіру және ұрлық жасағандарды ұстау бойынша қажетті іс-шараларды ұйымдастырып, уақтылы өткізу;
Біліктілік талаптары:
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.