"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Сары-Шаған жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Жазатайым оқиғаларды тексеруге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізу, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдау, зардап шеккендер туралы есептер жасау, еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын және еңбекті қорғау жөніндегі келісімді орындау;
- еңбекті қорғау жөнінде кіріспе нұсқама жүргізеді, білімін тексеруге қатысады, семинарлар, дәрістер ұйымдастыру жолымен еңбектің қауіпсіз әдістерін насихаттауды жүзеге асырады, сондай-ақ еңбекті қорғау кабинеттері мен еңбекті қорғау бұрыштарын ресімдеуге көмек көрсетеді;
- еңбекті қорғау бойынша әкімшілік тексерулер жүргізуге қатысады;
- басшылар мен мамандардың білімін тексеру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- кәсіпорындардың жаңа нұсқаулықтарын, стандарттарын әзірлеуді және қолданыстағыларын қайта қарауды бақылайды, кәсіптер мен жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуде өндірістік учаскелер мен цехтардың бастықтарына әдістемелік көмек көрсетеді;
- өндірістік жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың, тұрмыстық үй-жайлардың техникалық жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- Жұмыс тәжірибесі: лауазым бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.