"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының құқықтық қамтамасыз ету қызметінің бас менеджері (15 грейд) – "Бас есептеу орталығы"
Лауазымдық міндеттер:
- Филиал және/немесе қоғам бұйрықтарының, өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді;
- сенімхаттарды дайындайды және ресімдейді;
- филиалдың және/немесе қоғамның мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу процесінде қарауға жіберілетін құжаттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді, құжаттарға/құжаттар жобаларына жүргізілген құқықтық сараптама нәтижелері бойынша ұсыныстар, ескертулер мен ұсынымдар енгізеді;
- ірі мәмілелерді, мүдделі мәмілелерді және филиал жасасатын қоғамның басқа да шарттарын қоса алғанда, шарттар, келісімдер, келісімшарттар, меморандумдар жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
- шарттық және сатып алу жұмысы шеңберінде тәуекелдерді уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді, оның ішінде құқықтық тәуекелдерді сәйкестендіруді және оларды төмендету жөнінде шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
- филиал бөлімшелерінде қызметтік тергеп-тексерулер жүргізуге қатысады және құқықтық тәуекелдер деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- анықталған сәйкессіздіктердің пайда болу себептері мен жағдайларына талдау жүргізеді және қызмет басшысына, филиал басшылығына оларды жою жөнінде ұсыныстар береді;
- қызмет өткізетін кеңестер мен семинарларға, сондай-ақ Қызмет басшысының тиісті тапсырма кезінде жұмыс топтарына, филиал/қоғам комиссияларына қатысуы үшін материалдар дайындайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары
- Мамандығы: құқықтану; халықаралық құқық; құқықтану; құқық қорғау қызметі
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.