ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС филиалы – «Ақмола жүк тасымалдары бөлімшесі» Курорт-Бурабай пайдалану локомотив депосының Көкшетау станциясы бойынша жүк қозғалысының тепловоз машинисінің көмекшісі
- Уақтылы және дәл түрде машинистің тапсырмаларын орындау, тартқыш жылжымалы құрамның (ТПС) тораптары мен агрегаттарына қызмет көрсету, оның техникалық қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсетілетін және қарсы бағыттағы пойыздардың жағдайын, отын-энергетикалық ресурстардың (ТЭР) шығынын бақылау.
- Белгіленген келіссөздер регламентін сақтау.
- Қажет болған жағдайда пойызды (ТПС) өздігінен қозғалып кетуден бекіту шараларын орындау.
- Тыйым салатын бағдаршам сигналына жақындаған кезде, машинистің жұмыс орны жанында тұрып (капотты кузовы бар локомотивтерден басқа, онда көру мүмкіндігі шектеулі), машинистке (МВПС) бағдаршам сигналының көрсеткішін, машинист контроллерінің немесе тарту басқару органдарының жағдайын, тежеу магистральіндегі қысымды, сондай-ақ белгіленген жылдамдық режимін бақылап, жүйелі түрде баяндау.
- Машинист тарапынан жылдамдықты төмендету және тоқтау бойынша әрекет болмаған жағдайда, пойызды тоқтату үшін барлық қажетті шараларды қабылдау, тыйым салатын бағдаршам сигналынан өтіп кетуге жол бермеу.
- Машинисттің локомотивті (МВПС) басқару қабілеті кенеттен жоғалған жағдайда, пойызды шұғыл тежеу арқылы тоқтату, оны өздігінен қозғалып кетуден бекіту, бұл туралы радиобайланыс арқылы поезд диспетчеріне (ДНЦ), станция кезекшісіне (ДСП), сондай-ақ аралықта орналасқан пойыз машинистеріне хабарлау және машинистке алғашқы медициналық көмек көрсету.
- Локомотивті (МВПС) басқару құқығы болған және машинист-нұсқаушының қызметтік формулярында тиісті қорытынды болған жағдайда, пойызды ең жақын станцияға дейін жеткізу.
- Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін және қозғалыс кестесінің сақталуын қамтамасыз ету, ПТЭ, ИДП, ИСИ талаптарын және өзге де нормативтік құжаттарды қатаң сақтау.
- Пойыз құрамында ақау анықталған жағдайда, оны қарап тексеру және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, қажетті технологиялық операцияларды орындау.
- Демалыстан шыққан кезде және лауазымға тағайындалғанда кәсіпорын басшысының орынбасарымен жеке әңгімелесуден өтіп, қызметтік формулярға тиісті жазба енгізу.
- Білімі: жоғары немесе орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық
- Мамандығы: темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.