«KTZ Express» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік ұйымдармен жұмыстар және дебиторлық берешектерде құқықтық қолдау көрсету тобы менеджері (16 грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- Қоғам қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;
- Құрылымдық бөлімшелерге талап-арыз жұмысы бойынша құқықтық көмек көрсетеді;
- Сот, төрелік және құқық қорғау органдарына қажетті материалдарды дайындау және жолдау;
- Қазақстан Республикасы сот органдарында және одан тыс жерлерде ( «ҚТЖ «ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директорымен және «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» талап-арыз жұмысы департаментімен тапсырма және келісім бойынша) Қоғамның заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
- Ұрлық, ысырап, жетіспеушілік, заңнаманы бұзу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды тергеу және сот органдарына беру үшін дайындайды;
- Қоғамға келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдайды;
- Қоғам мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
- Дебиторлық берешек жағдайы туралы материалдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды талап ететін берешектерді анықтау мақсатында қарауға қатысады, үмітсіз берешекті есептен шығару туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың тексерістері, ішкі тексерістер, қызметтік тергеп-тексерулер мәселелері бойынша құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- Департамент жұмысының нәтижелері туралы Қоғам басшылығына, «ҚТЖ «ҰК» АҚ-на құрылымдау, жұмыс нәтижелерін бағалау, болашақта кемшіліктерді/бұзушылықтарды жою және жаңа тәсілдерді әзірлеу мақсатында ақпараттық анықтамалар, материалдар, есептер дайындауды қамтамасыз етеді;
- Құқықтық сипаттағы мәселелерді қамтитын сыртқы бастамашылық шығыс құжаттарына құқықтық сараптама жүргізеді және ескертулер мен ұсыныстар береді;
- ҚР заңнамасына және Қоғамның, «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ның, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жергілікті актілеріне сәйкес құрылымдық бөлімшелерге және еншілес ұйымдарға өз құзыреті шеңберінде қорытындылар беру, кеңестерге қатысу, ауызша консультациялар беру, талдамалық материалдар мен анықтамалар дайындау, ҚР заңнамасын талдау және басқа да нысандарда консультация береді;
- Департаменттің мемлекеттік органдармен жұмыс және дебиторлық берешек бойынша құқықтық сүйемелдеу тобының бас менеджерінің, Департамент директорының, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директордың тапсырмалары мен міндеттерін уақытылы орындайды; - Интеграцияланған менеджмент жүйесі құжаттамасының талаптарын сақтайды және орындайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.