"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Алтынкөл станциясының жетекші инженер-технолог аудармашысы - "Алматы"
Лауазымдық міндеттер:
- Жүк құжаттың аудармасы, ТСД, (шот-фактура, қаптама тізімі);
- Жалпы нысандағы актінің, коммерциялық актінің аудармасы;
- Қорғас және Алтынкөл стансаларында халықаралық келіссөздерге қатысады.
- Техникалық және көліктік құжаттаманы, шет мемлекеттермен хат алмасу және келіссөздер материалдарын, сондай-ақ кездесулер хаттамаларын аударады;
- Жүк диспетчеріне немесе тасымалдау агентіне берілген құрамдағы ақаудың жоқтығы немесе бар екендігі туралы хабарлайды.
- СМГС барлық бағдарында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ ілеспе құжаттардың қосымшаларын уақытылы және дұрыс аударуды қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары;
- Мамандығы: аударма ісі, екі тіл (қытай, ағылшын тілі).
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар жоқ.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.