"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шу электрмен жабдықтау дистанциясының Шығанақ станциясын электрмен жабдықтау ауданының 2 топ учаскесінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Аға және электромеханик, электромонтер жұмысына басшылық ету;
- энергетикалық шаруашылық құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстауды, жөндеуді және күшейтуді уақтылы жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
РЭҚ жұмысын талдау; - шығындардың шамасын айқындау және тораптардағы теңгерімсіздіктерді рұқсат етілген шамаларға келтіру бойынша тиісті қызметтерді тартуға шаралар қабылдау;
- РЭҚ желісіне электр энергиясының түсуіне бақылау түсіруді, электр есептегіштердің көрсеткіштерін ұйымдастыруға қатысу;
- РЭҚ желілерінде нормативтік ысыраптарды азайту, дебиторлық берешекті болдырмау және азайту жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- есептік, коммерциялық және бақылау электр санауыштарын қоректендіретін трансформаторлар мен кернеу трансформаторларын жүктеу жөніндегі деректерді талдау.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі )/орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: Темір жол көлігіндегі электр энергетикасы; Электр энергетикасы; Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станцияларының, қосалқы станциялар мен желілердің электр жабдықтары Салалар бойынша электр және электр механикалық жабдықтар; Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу.
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім кезінде: жоғары білім кезінде - электр механигі лауазымында кемінде 1 жыл; орта білім кезінде - электр механигі лауазымында кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.