"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жолды диагностикалау орталығы" филиалының цифрлық құзыреттер бөлімінің менеджері (15 Грейд)

от 482 846 KZT
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Темір жол инфрақұрылымын цифрлық диагностикалау саласында қолданбалы бағдарламалық шешімдерді, бағдарламалық модульдер мен сервистерді әзірлеуді және жетілдіруді жүзеге асырады;
  • бағдарламалық шешімдерде диагностикалық деректерді өңдеу, талдау және агрегаттау алгоритмдерін іске асырады;
  • бизнес-логиканы және деректерді өңдеу сервистерін қоса алғанда, қолданбалы бағдарламалық шешімдердің серверлік бөлігін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  • әзірленетін бағдарламалық шешімдерді Филиалдың өзге де цифрлық жүйелерімен және деректер көздерімен интеграциялауды орындайды;
  • әзірленетін шешімдердің бағдарламалық кодын тестілеуді, баптауды және оңтайландыруды орындайды;
  • пилоттық және тәжірибелік пайдалану нәтижелері бойынша бағдарламалық шешімдерді пысықтауды жүзеге асырады;
  • бөлімнің құзыреті шеңберінде бағдарламалық шешімдерді пилоттық және тәжірибелік пайдалануды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
  • әзірленген бағдарламалық шешімдер мен модульдер бойынша техникалық құжаттаманы дайындайды және өзектендіреді;
  • пайдалану және тестілеу нәтижелері бойынша анықталған қателер мен ескертулерді жою бойынша міндеттерді орындайды;
  • цифрлық құзыреттер бөлімінің міндеттерін іске асыру шеңберінде бизнес-талдаушымен және сервис жөніндегі инженермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және сүйемелдеу кезінде менеджменттің интеграцияланған жүйесінің, ақпараттық қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың талаптарын сақтайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Автоматтандыру және басқару, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, сондай-ақ өзге де аралас техникалық және теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.