"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының техникалық қамтамасыз ету және сметалық бақылау тобының бас менеджері (17 грейд) - "Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция"
Лауазымдық міндеттер:
- Филиал директорының, Компания басшылығының бұйрықтары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын жүзеге асырады;
- қажетті бастапқы-рұқсат беру құжаттарын (құқық белгілейтін құжаттар, техникалық шарттар, сәулет-жоспарлау тапсырмалары және жобалау үшін басқа да бастапқы деректер) алу үшін бастамашымен, қажет болған жағдайда қатысы бар мемлекеттік немесе бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
- жобалау және жобалау алдындағы құжаттаманың Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына, жобалауға арналған тапсырмаға, техникалық шарттарға және сәулет-жоспарлау тапсырмаларына сәйкестігін талдауды Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелеріне келісуге жіберу үшін жүзеге асырады;
- жобалау/жобалау алдындағы құжаттаманы 242-II порталына жүктеу үшін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № epsd.kz Заңына сәйкес жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өту мәселелері бойынша «Мемсараптама» РМК-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- жобалау объектілеріне техникалық ерекшелікті әзірлеуді жүзеге асырады, кейіннен көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды сатып алу үшін қатысы бар құрылымдық бөлімшелердің келісуіне және бекітуіне жібереді;
- Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен, Компанияның еншілес ұйымдарымен бірлесіп, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге және жұмыс бабында жобалауға арналған тапсырмаларды дайындауға қатысады;
- жобалау және жобалау алдындағы құжаттаманың сапасын бақылауды, жұмыс жобасы мен ТЭН-нің Қазақстан Республикасында қолданыстағы құрылыс саласындағы нормативтік құжаттарға толық сәйкестігін сақтауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Құрылыс; Сәулет; Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру; Автоматтандыру және басқару; Экономика. - Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.