Шар айналым депо кезекшісінің көмекшісі
Лауазымдық міндеттер:
Сменаға кіріскен кезде танысу керек: пойыз жұмысының тәуліктіқ жоспарымен, маневрлік жұмыстың жоспарымен, барлық локомотивтердің бар-жоқтығы және жағдайымен, сервистік және техникалық қызмет көрсету түрлерімен, локомотивтердің жөндеуден шығарылу графигімен немесе жоспарымен, жабдықтау құралдарының, стрелкалық ауыстырып қосқыштардың жағдайымен, жаңадан түскен бұйрықтармен және нұсқаулармен.Локомотивтерді шығару алдында жеке өзі немесе сменаның қызметкерлері арқылы олардың ақаулығы жоқтығына, сондай-ақ құрал-сайманның, сигналдық заттардың, жарықтандыру құрылғыларының, АЛСН және радиобайланыстың, өртке қарсы инвентарьдің, толық жабдықталған отынмен, салқындатқыш сұйықтықпен, құммен, маймен, тежегіш аяққаптармен болуына көз жеткізу. Форма ТУ-152 журналында көрсетілген әрбір ақаулық жағдайы бойынша локомотивтің дұрыс ұсталмауына кінәлілерге нақты шаралар қолдану; журналдың сақталуын қамтамасыз ету.Кезекшілік кезінде машинисттердің жолда жүру кезінде анықталған Қазақстан темір жолдарындағы Пойыздар қозғалысының техникалық пайдалану ережелерін, Сигнализация нұсқаулығын және Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс нұсқаулығын бұзушылықтар туралы, сондай-ақ теміржол құрылыстары мен құрылғыларының ақаулықтары туралы енгізілген жазбаларды тексеру. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы депо басшылығына, тиісті шаруашылық бірлігінің бастығына және жолдың жауапты қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен дереу хабарлау.Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе орта кәсіптік). Мамандық саласы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы).,Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Жұмыс тәжірибесі мамандық бойынша немесе нақты лауазым бойынша кемінде 3 жыл.Қосымша талаптар:
Пойыздық және маневрлік-шаруашылық жұмыстарында локомотивтерді пайдалану графигін дәл жүргізуді сақтау, ай сайын бір-біріне және сменалық-тәуліктіқ есеп бойынша депо бастығына немесе оның орынбасарына әр локомотивті пайдалану туралы есеп беру.Локомотивтік және пойыз диспетчерімен бірлесіп локомотивтерді пойыздардан жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулерге беру мерзімін бақылауды жүзеге асыру және уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету. Сменалық-тәуліктіқ локомотивтер жоспарын ұстау мүмкін болмаған жағдайда кез келген уақытта депо бастығына немесе оның орынбасарына жағдай туралы дереу хабарлау.Пойыз диспетчері немесе станция дежурныйлары арқылы пойыздардың тоқтауы және оның себептері туралы мәліметтер алу. Локомотивтердің тоқтауын немесе оларды реттеуді ТУ-1 үстел журналында тіркеу және сменалық есепте депо басшылығына баяндау.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.