«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Алматы магистральдық желі бөлімшесінің Алтынкөл станциясының 1 - санатты (АБЖ бойынша) инженер-технологы

380 355 - 397 439 KZT
Алматинское отделение магистральной сети Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 1 года Полная занятость, Полный день
Вакансия приостановлена
Создана:

Берілген өтінім:
4

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Жүк тасымалына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған басқару жүйелері мен бағдарламалық-техникалық кешендерді қамтамасыз ету жөніндегі жобаларды енгізуге қатысу;
  • АҚҚҚ-ға қате деректерді беруді жою бойынша жедел шаралар қабылдауды бақылау;
  • шығын материалдарының сақталуын және берілуін бақылау (бояғыш таспалар, тонерлер және т. б.);
  • АСОУП, АСУДКР, ЭДО, ГИДУРАЛ, АБЖ МР-мен жұмыс істейтін пайдаланушылардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылау;
  • компьютерлік техника мен ұйымдастыру техникасын есепке алу және бөлу;
  • СВТ-ны рұқсатсыз кіруден, компьютерлік вирустардың түсуінен қорғауды қамтамасыз етуді бақылау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзге де іс-шараларды жүргізу;
  • компьютерлік техникамен жабдықтау жабдықты жаңғырту және ауыстыру қажеттілігін айқындауды бақылау;
  • станция қызметкерлерін атқаратын лауазымына қарай компанияның қолданыстағы ақпараттық жүйелеріне қосуға өтінімдерді қарайды;
  • АБЖ міндеттерін шешу үшін технология бойынша нұсқаулықтар жасау;
  • бөлім қызметкерлерінің табельдерінің жасалуын күнделікті бақылау, сондай-ақ жұмыс істеген электрондық табелдеу сағаттарын енгізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: поездық диспетчер/ станция бойынша кезекші/ станция инженері (технологиялық процесс және станция ТРА, АБЖ бойынша) / поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеудің станциялық технологиялық орталығының бастығы/поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.