"Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамы- "Ақтөбе магисталдық желі бөлімшесі" филиалы Қандыағаш жол дистанциясы №2 өндірістік уачасткесі №4 желілік бөлімінің жол шебері- жол бапкері
Лауазымдық міндеттер:
- Бекітілген учаске бойында барлық ұзындығында құрылыстар мен жол құрылғыларының, рельстердің, шпалдардың, брустардың (оның ішінде көпірлік), бекітпелердің, рельстік тізбектердің жағдайын бақылау және ПУ-28, ПУ-29 кітаптарына тіркеу.
- Қызмет көрсетілетін учаскелерде пойыздардың белгіленген жылдамдықпен қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету.
- Бригадалардың бекітілген жұмыс технологиясын сақтауына, орындалған жұмыстардың сапасына, пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне және жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасына жауап береді.
- Жол журналдарын жүргізу және толтыру.
- Жөнделген учаскелер мен объектілерді белгіленген тәртіппен уақытылы тапсыру.
- Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жол ақауларын дер кезінде анықтап, жоюды қамтамасыз ету.
- Жұмыстардың сапалы орындалуын, еңбек ресурстары мен материалдардың тиімді пайдаланылуын, темір жолдарды техникалық пайдалану қағидаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитарияны, ішкі еңбек тәртібін және нұсқаулықтарды сақтауын, сондай-ақ барлық жұмысшылардың өз міндеттерін орындауын жүйелі бақылау.
- Жол жұмыстарына, «Толаскөз» уақытындағы жұмыстарға, жол машиналарына, сондай-ақ жолдың үстіңгі құрылым материалдарын тиеу және түсіру жұмыстарына басшылық жасау.
- Жарақаттану немесе бөгде адамдарды қағып кету жағдайлары туралы дереу жол диспетчеріне хабарлау.
- Жолды ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарында қолданылатын механизмдерді, агрегаттарды, жабдықтарды және құралдарды пайдалана білу. Есепке алынатын құралдарды нұсқаулықтарға сәйкес сақтау, жол өлшеу құралдарын уақытылы тексеруге тапсыру, құрал-жабдықтар мен материалдардың бар-жоғын есептік деректермен салыстырып отыру.
- Жол жұмыстарының нормалары мен бағаларын білу және қолдану, жолды ағымдағы күтіп ұстау бойынша графиктерді құрастыру, жол мен жол құрылғыларының жағдайын бағалау (ПУ-74), еңбекақы төлеу тәртібі мен нормаларын білу.
- Филиал басшылығының нұсқауынсыз жұмыс көлемін кеңейтпеу (пойыз қозғалысына қауіп төндіретін жағдайлардан басқа).
- Жолды ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру.
- Темір жолда және оған жақын жерде жүрген кезде (жұмысқа бару-келу және жұмыс барысында) жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Жол өлшеу вагоны тексерісі нәтижесінде қанағаттанарлықсыз баға алған және 2, 3, 4 дәрежелі ауытқулары бар километрлердегі ақауларды жою жұмыстарын басқару және олардың сапасын бақылау.
- Тауарлық-материалдық құндылықтардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпты қарау және оны сақтау, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне де ұқыпты қарау.
- Есепті ай ішінде әр бригада мүшесінің КТУ-ын анықтау үшін күнделікті жоғарылататын немесе төмендететін факторларды көрсетіп, КТУ есебінің журналын жүргізу.
- Жұмыс уақыты есебінің журналын жүргізу.
- Қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтату құқығын қолдану арқылы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге жауап береді.
- Өндірістік активтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша автоматтандырылған басқару жүйесінде (SAP PM модулі) бекітілген функционалдық рөлдер мен өкілеттіктер матрицасына сәйкес жұмыс істеу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, көпірлер мен көлік тоннельдері, көлік құрылысы
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 1 жыл
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, көпірлер мен көлік тоннельдері
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл
- Білімі: орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 4 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.