Локомтив бригадаларының жасақшысы
Лауазымдық міндеттер:
Локомотив бригадаларының жұмыс маршруттарын жүргізеді және қабылдайды, жұиым уақытының ұзақтығын, дайындық аяқтау уақытына жұмсалған шығындарды есепке алады және тексереді. ПЗ нормадан ауытқыған жағдайда басшылықты хабардар етеді, локомотив бригадаларының жұмысы бойынша есеп жүргізеді.
Поездар арасындағы уақытта локомотив бригадаларының демалысын реттейді, демалыс күндерін беруді және олардың есебін жүргізеді, локомотив бригадаларының маршруттық кестелер мен жұмыс графиктеріне сәйкес жұмысын бақылайды.
Депо бойынша кезекшімен бірлесіп, локомотив бригадаларының жұмысын тәуліктік жоспар мен бригадалардың жұмыс кестесіне сәйкес ұйымдастырады.
Локомотив бригадалары мен локомотивтерді тиімсіз пайдалану бойынша апта сайын есеп тапсырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: Темір жолдағы жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық қызмет көрсету
- Жұмыс өтілі: жұмыс өтілі қажет етілмейді
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.