"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шу жол дистанциясының № 2 өндірістік учаскесінің жол учаскесі бастығының орынбасары
Лауазымдық міндеттер:
- Көзбен шолып қараудың барлық түрлерімен және мониторинг құралдарымен анықталған ескертулерді ескере отырып, нақты майдан мен жұмыс көлемін көрсете отырып, дистанция бастығының орынбасары бекіткен өндірістік учаскенің бір айға арналған жұмыс жоспарын жасайды;
- барлық жолдар мен бағыттамалық бұрмаларды, оның ішінде ауыстырғыш механизмдерді үлгісі мен деңгейі бойынша тексерумен аспаптық тексеруді жүргізеді, сондай-ақ барлық құрылыстарды, жер төсемін, жол құрылғыларын тексереді, бағыттамалық бұрманың металл бөліктерінің кемінде 1/5 учаскесінің тозуын өлшеуді жүргізеді;
- электрлік рельс тізбектерінің жай-күйін, оның ішінде оқшаулағыш жапсарлар, тартқыш жолақтар, сырғалар және т.б. оқшаулаудың жарамдылығын тексереді;
- СОБ электромеханигімен бірлесіп мыналарды тексереді: қалыңдығы 4 мм шаблонның үшкір және рама рельстері арасында салу кезінде оң және теріс тұйықталудың мүмкін еместігіне бағыттамалар; бағыттамалардың автоматты ауыстырылуы; кіре берістегі жолтабан ені;
- металл жапсырмалары бар оқшаулағыш түйіспелерді оларды бөлшектеу және бүлінген және тозған оқшаулағыш бөлшектерді ауыстыру арқылы тексереді, бұл ретте композиттік жапсырмалары бар оқшаулағыш түйіспелер бөлшектеледі және жапсырмаларда пайдалану зақымдануларын анықтау мәніне тексеріледі.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ) / орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білімі болған кезде - кемінде 3 жыл / орта білімі болған кезде - қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.