Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы, Жосалы аудандық электр жүйесінің іштен жану қозғалтқыштарының машинисті
Лауазымдық міндеттер:
- Барлық жабдықтарды аралап шығып, негізгі және қосалқы жабдықтардың техникалық жағдайын мұқият тексеру.
- Шығын бактарындағы май мен отын деңгейін тексеру.
- Салқындату жүйесіндегі су деңгейін тексеру.
- Өртке қарсы құралдардың бар-жоғын және жағдайын тексеру.
- Іске қосу баллондарында ауаның бар-жоғын тексеру.
Біліктілік талаптары:
Білім:
Міндетті: белгіленген бағдарлама бойынша орта білім және арнайы дайындық.
Қалаулы: орта техникалық немесе кәсіптік білім.
Мамандығы:
Көтеру‑тасымалдау, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану. Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
Қосымша талаптар:
- Апаттық жағдайларда апатты және ақауларды жою үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдау, сонымен қатар болған жағдай туралы электромеханикке және электрмен жабдықтау ауданының бастығына хабарлау.
- Уақтылы түрде тәуліктік ведомостьке қажетті жазбаларды енгізу, сондай‑ақ барлық ескертулер мен жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы ескертулер кітабына жазу.
- Машина залына және қосалқы бөлмелерге бөгде адамдарды кіргізбеу.
- Кезекші электромонтер болмаған жағдайда телефон арқылы берілген ақпаратты қабылдап, жазып алу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.