Көкшетау қаласы бойынша" Кедентранссервис " АҚ филиалының ЕҚ және ҚТ, АҚ және ТЖ жөніндегі инженері
Лауазымдық міндеттер:
Өндірістегі кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды іске асыруға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.
Тиісті қызметтердің жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің жай-күйіне қажетті сынақтар мен техникалық куәландыруларды уақтылы жүргізуін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу кестелерінің сақталуын, қолданыстағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының, қағидалары мен нұсқаулықтарының, қауіпсіздік стандарттарының сақталуына мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларының орындалуын өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа және реконструкцияланатын өндірістік объектілер жобаларында бақылауды жүзеге асырады, оларды пайдалануға қабылдауға қатысады.
Қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты мертігуі, кәсіптік ауруға шалдығуы немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілуі салдарынан келтірілген зиянды жұмыс берушінің өтеуі мәселелерін қарауға қатысады.
Жұмысқа жаңадан қабылданған барлық қызметкерлермен, іссапармен келгендермен, өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
Жұмыс тәжірибесіЖоғары кәсіптік (техникалық) білімі және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс
немесе
Орта кәсіптік (техникалық) білімі және еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс.
Қосымша талаптар:
Білімі
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы саласы:
Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрамы);
Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар);
Автоматтандыру және басқару;
Электр энергетикасы;
Стандарттау, метрология және сертификаттау;
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы);
Көлік құрылысы;
Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар), инженерлік жүйелер;
Экология;
Жылу энергетикасы.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.