«KTZ Express» АҚ «KTZE Оңтүстік» (Алматы қ.) филиалы бухгалтерлік есепке алу бөлімінің бас маманы
Лауазымдық міндеттер:
- Салық заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін (ФНО 700.00, 851.00, 701.01, 870.00) салық есептілігін және салықтар бойынша есептерді мемлекеттік кірістер органдарына жасау және ұсыну;
- Жергілікті салықтар бойынша «Салық төлеушінің кабинеті» жүйесіндегі дербес шот деректерін SAP және 1С жүйелеріндегі бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру;
- Филиал шоттары бойынша жеткізушілер мен сатып алушылардың шот-фактурамен рәсімделмеген сомалары туралы ақпарат ұсыну;
- Қауымдастырылған компаниялармен АС-1 нысаны бойынша салыстыру актілерін тексеру және қол қою;
- Филиалдың қаржылық есептілігіне аудит жүргізу шеңберінде сыртқы аудиторлардың сұраулары бойынша ақпарат ұсыну.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Бухгалтерлік есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
- Жұмыс тәжірбиесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қосымша талаптар:
- SAP EHP, SAP XRP, SAP BW, 1С: Предприятие; Фаворит есепке алу жүйелерін білу;
- «Клиент-Банк» жүйесін білу;
- Бухгалтерлік және салық заңнамасын білу;
- Қаржылық есептілік, аудит шеңберінде сыртқы аудиторларымен тиімді өзара қарым қатынас жасай алу;
- «ҚР кәсіби бухгалтері» сертификатының болуы.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.